«Жалпыұлттық азалы үнсіздік» шарасы тікелей эфирде көрсетіледі

Аза тұту күнінде «Хабар агенттігі» АҚ мен «Қазақстан» телерадиокорпорациясына қарасты теле,-радиоарналар эфир кестесін толықтай өзгертеді, ,деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

2020 жылдың 13 шілде Жалпыұлттық аза тұту күні Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 12:00-де коронавирус індетінен қайтыс болған азаматтарды еске алу үшін бір минуттық үнсіздік жарияланады. «Жалпыұлттық азалы үнсіздік» шарасын Qazaqstan ұлттық арнасы 11:55-тен бастап тікелей эфирде көрсетеді. Аза тұту күнінде «Хабар агенттігі» АҚ мен «Қазақстан» телерадиокорпорациясына қарасты теле,-радиоарналар эфир кестесін толықтай өзгертеді. Барлық ойын-сауықтық бағдарламалар алынып, жарнамалық контент толығымен тоқтатылады. Бұрынғы кестеден тек ақпараттық бағдарламалар ғана эфирге шығады.

Extend MODX with Extras