Жалпыұлттық аза тұту күні бұқаралық ақпарат құралдарында ойын-сауық іс-шаралары мен хабарлар беру тоқтатылады.

Павлодар облысында бүкіл елдегідей қаралы күні мемлекеттік ту төмен түсірілді.

Барлық мемлекеттік және әкімшілік ғимараттарда ту ту бағанасының биіктігінің жартысына дейін төмен түсірілді.

Естеріңізге сала кетейік, Павлодар облысында коронавирустық инфекциядан алғашқы өлім жағдайы 9 сәуірде тіркелді - 84 жастағы қария қайтыс болды.

Бүгінгі таңда Павлодар облысында коронавирустық инфекцияның 1803 жағдайы тіркелді, олардың ішінде 889 науқас сауығып шықты. Сондай-ақ, 15 адам коронавирустан қайтыс болды.

pavlodarnews.kz

Тэги: