Павлодар облысы әкімі баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 13 шілдеде дәл түскі уақытта Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов, оның орынбасарлары, құқық қорғау органдарының басшылары және «Nur Otan» партиясының өкілдері облыстық әкімшілік алдындағы алаңға шықты. Олар бүкіл елмен бірге індет құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 8 шілдедегі қазақстандықтарға жасаған телеүндеуінде 13 шілдені коронавирус індетінің құрбаны болғандарды еске алуға байланысты жалпыұлттық аза күту күні деп жариялады.

Елімізде тулар төмен түсіріліп, ойын-сауық шаралары тоқтатылды, радиостанциялар мен телеарналар ойын-сауық бағдарламалары мен жарнамалар таратуды тоқтатты.


Фото: Ольга Музалевская

pavlodarnews.kz

Тэги: