Ауыл әкімі Сайфулла Рыскелдиновтің сөзінше, ардагерлерге арналған ескерткіш тақтаның материалдары мен құрылысына ауыл тұрғындары демеушілік жасаған. Бүгінде аталған ауылда 70-тен астам отбасы бар. Игілікті істен ешқайсысы шет қалмағаны байқалады. Жұдырықтай жұмыла кіріскеннің нәтижесінде шамамен 500 мыңдай теңге жиналды, дейді әкім.

- Ауданға қарасты ауылдардың барлығында осындай ескерткіш тақта бар. Отан үшін от кешкен аталарымызға бір құрмет тақтасын орнату көптен бері біздің де көкейімізде жүрген болатын. Міне, сол жоспарымыз Жеңістің 75 жылдық мерейтойы қарсаңында жүзеге асырылып отыр. Алдымен ауыл тұрғындарымен ақылдастық. Себебі, кезінде майданға бірінің атасы аттанса, бірінің нағашысы шақырылды. Сондықтан, ауылдастарымыздың барлығы өз еріктерімен үлес қосып, 500 мың теңге көлемінде қаражат жиналды, - дейді Сайфулла Төкенұлы.

Ескерткіш тақтаға соғыс жылдары майданда болып, кейін ауылдың өркендеуіне үлес қосқан азаматтардың да есімдері қашалып жазылды. Олардың қатарында Жұмабек Хасенов, Белгібай және Кенебай Тасимовтер, Мүтай Баймұратов, Бектас Сейтханов, Башар Бихиянов, Мухтарихан Қабдуллин, Жұмажан Түсіпханов, Асай Әмірханов, Қабылқаиыр Тұрлыбаев, Мұқаш Садықов, Балабек Байсагүров және Андрей Клочков сынды ардагерлер бар.
- Ескерткіш тақтаның бой көтеруіне ауыл азаматтары Назар және Дияс Байсүгіровтер, Амангелді Бейсекенов, Виталий Гуля, Ақылбек және Абай

Бихианов сынды ауылдастарымыз айрықша көмек көрсетті. Бірі өз көлігімен қаладан материал тасыса, енді бірі құрылыс жұмыстарын жүргізді. Ауыл тұрғындары атынан аталған азаматтарға алғыс білдіремін, - деді ауыл басшысы.

Тілеуберді Сахаба

 

pavlodarnews.kz

Тэги: