17 Сәуір 2021 жыл
Қаз Рус
Рус Каз

Павлодарлық дәрігерлер қаралы күні қаза тапқан әріптестерін еске алды

Облыстық денсаулық сақтау басқармасында пандемия кезінде қаза тапқан дәрігерлер туралы айтылды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасында коронавируспен күресте дәрігерлер, фельдшерлер, медбикелер мен медициналық қызметкерлер, санитарлар, жедел жәрдем көлігі жүргізушілері бар екенін еске салды.

- Мыңдаған адам өзін аямай, өз денсаулығы мен өмірін тәуекелге тіге отырып, өз қызметтерінде шаршамай еңбек етеді, - деді Instagram-дағы денсаулық сақтау басқармасы парақшасында. - Дәрігерлердің осындай үлкен әскері стационарларда, емханаларда жұмысын жалғастыруда. Өкінішке орай, індетті жұқтырудан ешкім сақтандырылмаған. Осындай қатыгез вирусты жұқтырғандардың арасында біздің әріптестеріміз де көп. Біз оларды қайтара алмаймыз, бірақ есте сақтаймыз!

Жазба авторының айтуынша, 27 маусымда облыстық психикалық денсаулық орталығының наркологиялық қызметтің жалпы клиникалық бөлімшесінің медбикесі Ольга Лошманова коронавирустан қайтыс болды. Ол Павлодарға кіре берістегі Мичурино блок-бекетінде жұмыс істеді. Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, медбикенің артынан оның анасы да көз жұмды. Ольга Лошманованың ерекше қажеттіліктері бар ұлы қалды.

1 шілдеде хирург Байболат Қазбековтің пневмониядан қайтыс болғаны белгілі болды. ДСБ-да айтылғандай, ол бұрынғы Семей полигонындағы жарылыстардан зардап шеккен Май ауданының тұрғындарына көмектесті. Байболат Қазбеков аудандық аурухананың бас дәрігері болып жұмыс істеді. Оның жетекшілігімен облыста жалғыз нейро оңалту бөлімі ашылды.
5 шілдеде хирург Марат Қабылбаев қайтыс болды.

- Ол медициналық-профилактикалық іс-шаралармен белсенді айналысты,- деді басқармада. - Клиникалық ойлауды меңгеріп, теориялық білім мен практикалық дағдылардың қажетті арсеналын жақсы игерді және өз міндеттерін орындауға өте жауапкершілікпен қарады. Құрсақ қуысы органдарында жедел және жоспарлы түрде операциялардың кең ауқымын, асқазан-ішек жолдарының аурулары кезінде эндоскопиялық зерттеу әдістерін жетік меңгерген. Үнемі өзінің кәсіби деңгейін көтеру бойынша жұмыс жасады. Бірнеше жыл бойы дәрігерлерді жетілдіру институттарында біліктілігін арттырды.

Марат Қабылбаевтың жалпы жұмыс өтілі - 43 жыл. Ол №1 Павлодар ауруханасында хирург және сарапшы дәрігер ретінде жұмыс істеді.

- Сонымен қатар, Тамара Григорьевна Гайдукова қайтыс болды, - деді басқармада. - Науқастар оны «врач от Бога» деп атады. Екібастұздық дәрігер-дерматолог әрқашан өте жауапты болды және ешқашан бөтен қайғы-қасіретке бей-жай қарамады. Оған қоса, мыңдаған павлодарлықтардың сүйікті дәрігері Нина Федоровна Коломина өмірден озды. Ол өз өмірін балаларға арнаған мұқият және қамқор дәрігер болды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, коронавирустық инфекциясы 122 адамда расталды. Оған 34 дәрігер, 49 орта медицина қызметкері, 11 - кіші персонал, 28 – әкімшілік пен техникалық персонал жатады. Олардың 12-сі емделуді жалғастыруда, 55-і үй карантинінде, 52-сі сауығып шықты.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 13 шілде күні коронавирустан қайтыс болғандарды аза тұту күні деп жариялаған болатын. Бұл күні бұқаралық ақпарат құралдарындағы ойын-сауық іс-шаралары мен хабарлар тоқтатылып, Мемлекеттік тулар төмен түсірілді.

Пандемия құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды. Павлодар облысында сағат 12:00-де әкімдік ғимаратының алдындағы орталық алаңда, Мемлекеттік рәміздер алаңында және Сұлтанов атындағы облыстық аурухана ғимаратының жанында өтті.

Аймақта COVID-19-дан алғашқы өлім 9 сәуірде тіркелді.Дәрігерлер 84 жастағы павлодарлықтың қайтыс болғаны туралы хабарлады.

Сoronavirus2020.kz порталының деректері бойынша, облыста COVID-19 1803 адамнан расталды. Оның 15-і қайтыс болды. Маусым айында 27 адам пневмониядан көз жұмды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қазақстанда пневмонияның өршуін коронавирустық инфекцияның пайда болуы деп санайды.

Жаңалықтар

Система Orphus