Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Оның дерегінше, үміткерлерің арасында 26 инженер, 20 экономист, 12 педагог, 10 заңгер, 10 аграрлық сала қызметкері, 4 дәрігер, 3 журналист, 1 саясаттанушы және 1 басқа мамандық иесі бар.

«Кандидаттар арасында 18 коммерциялық құрылым қызметкері, 23 мемлекеттік ұйымдардың, кәсіпорындардың мемлекеттік қызметкері, 18 мемлекеттік қызметші, 9 қоғамдық ұйымдардың өкілі және 2 жұмыссыз үміткер бар. Сонымен қатар қазіргі уақытта қызмет атқарып отырған 4 сенатор өз кандидатураларын ұсынды. Қазіргі уақытта Сенат депутаттығына кандидаттарды тіркеу процесі жүріп жатыр. Ол осы жылдың 23 шілдесіне дейін жалғасады. Бүгінгі күні сайлау комиссияларымен 62 кандидат тіркелді», - деді Берік Имашев ОСК отырысы барысында.

Айта кетейік, 2014 жылы сайланған Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі осы жылдың қазан айында аяқталады. Осылайша, 2020 жылдың 12 тамызында еліміздің жоғары заң шығарушы органы жоғарғы палатасына 17 өңірден бір-бір депутаттан сайлануы қажет.

pavlodarnews.kz

Тэги: