Павлодар футбол мектебі түлегінің жаңа клубы Сербияның екінші деңгейлі дивизионында өнер көрсетеді. Биылғы маусымды Пирот қаласының командасы сегізінші орында аяқтады. Кезінде бұл клубта Матея Кежман және Йован Станкович секілді белгілі серб футболшылары доп тепкен.

БАҚ хабарлағандай, клуб басшылығы жас қазақстандық футболшыға зор үміт артып отыр.

Жартылай қорғаушы Ertis командасының «Ақсуға» қарсы соңғы кездесуінде ойнаған еді. 26 мамырда өткен жолдастық матчта Изат Құлжанов екі доп соққан болатын. Өткен маусымда футболшы Екінші лигада 26 матч өткізіп, сегіз гол соққан.

Айта кетейік, осыған дейін Сербияда қазақстандық Бауыржан Тұрысбек пен Максим Федин өнер көрсеткен.

Естеріңізде болса, қаржылық қиындықтарға байланысты Ertis ФК 2020 жылғы Қазақстан чемпионатындағы жарысты аяқтаған еді.

Айбек Жұматов

Фото: Ertis ФК

pavlodarnews.kz

Тэги: Ertis ФК, Ертіс ФК, футбол, ҚПЛ, Премьер-Лига