Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Қосымша арқылы тұрғындар Қазақстандағы COVID-19 жағдайы туралы жедел ақпаратты уақтылы біле алады. Әзірге Coronavirus2020.kz сайтынан қосымшаны компьютерге жүктеуге болады және жақын арада iOS (App Store) пен Android (Play market) платформаларында қолжетімді болады.

Қосымшада төмендегідей ақпарат болады:

- Коронавирусты таратпау үшін мемлекет қабылдап жатқан шаралар;

- Ігдеттен сақтану және алдын алу шаралары;

- Коронавируспен ауырған және жазылған адамдардың жедел статистикалық деректері;

- Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және облыс орталықтарындағы Call-орталық нөмірлері;

- Түрлі жағдайларда жасалатын шаралар алгоритмі;

- Елдегі барлық шектеу шаралары;

- Жаңалықтар лентасы;

- COVID-19 туралы ең жиі қойылатын сұрақтарға брошюра мен бейнеролик түріндегі жауаптар.

pavlodarnews.kz

Тэги: