Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 1938 жылғы егде жастағы әйел адам есікті аша алмай қалған.

- Оқиға орнына жеткен кезде оның есте сақтау қабілетінен айырылу дертімен ауыратыны анықталды. Есіктің кілтін қайда қойғанын ұмытып кеткен. Құтқарушылар пәтердің иесін шақырып, учаскелік инспектордың қатысуымен есікті ашты, - дейді департаментте.

Дәл сол күні Мәшһүр Жүсіп көшесі, 93 мекенжайы бойынша 1935 жылғы бірінші топтағы мүмкіндігі шектеулі әйел адам құлап қалып, әлеуметтік қызметкерге есікті аша алмаған. ТЖ қызметкерлері үш буынды сатының көмегімен үшінші қабатқа көтеріліп, терезе арқылы кіріп, үйдің есігін ашқан.

Сондай-ақ Матросов көшесі, 9 мекенжайы бойынша пәтердің ішінен есікті жауып алған ер адам есікті ашпай қойған. Құтқарушылар арнайы құралмен есікті ашқан сәтте 1958 жылғы ер адам еденде жатқан. «103» қызметі шақыртылды.

Ақсу қаласында Дөнентаев көшесі, 11 мекенжайы бойынша есікті жауып алған балалар ата-аналарына есікті ашпай қойған. Құтқарушылар арнайы құралдың көмегімен есікті ашқан кезде балалар аман екені анықталды.

 

Фото: ашық дереккөзден

pavlodarnews.kz

Тэги: