Бұл туралы мемлекеттік сайлау комиссиясының басшысы Сильвестр Марчиняк баспасөз мәслихатында айтты, - деп tengrinews.kz РИА Новостиға сілтеме жасап хабарлайды.

Сайлаудың екінші туры жексенбіде өтті. Сайлау комиссияларының хаттамаларын 100 пайыз өңдеген Мемлекеттік сайлау комиссиясының мәліметінше, президенттік сайлаудың екінші турында "Құқық және Әділет" партиясының кандидаты Дуда 51,03 пайыз дауыс жинап, президент болып сайланды. "Азаматтық коалиция" оппозициялық бірлестігінің кандидаты Рафал Тшасковский 48,97 ұпай жинаған.

Сайлау комиссиясындағылар түрлі себепке байланысты сайлау бюллетенінің 0,18 пайызы жарамсыз болып танылғанын мәлімдеді.

pavlodarnews.kz

Тэги: