Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Абай көшесі 220 мекенжайы бойынша «101» қызметіне 18 сағат 47 минутта өрт туралы хабарлама келіп түскен.

- Кірпіш гараж бөлмесінде баспа өнімдері мен баспа жабдықтары жанған. Тілсіз жау сағат 19.02-де ауыздықталып, 19.07-де толығымен жойылды, - дейді департаментте.

Өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталуда.

Оқиға орнында облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінен екі техника мен тоғыз қызметкер жұмыс істеді.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

По Абая гараж горел сегодня ????

Публикация от ???? Автосообщество ПАВЛОДАРА (@kolesa_pavlodara) 13 Июл 2020 в 10:43 PDT

 

 

Скрин kolesa_pavlodara

pavlodarnews.kz

Тэги: