Балалар музыка мектебі 22 маусым мен 10 шілде аралығында «Музыкалық альманах» жобасын іске асырды. Оған қаланың 13 жалпы білім беретін мектептерінен 200 оқушы қатысты.

Жоба аясында мектеп педагогтары «Астор Пьяццолла. Танго длиною в жизнь», «Музыкадағы ертегі кейіпкерлері», (Шароня Надежда Александровна), «Музыкадағы табиғат» (Краснощекова Ирина Леонидовна), «Ұлы Құрманғазы мұрасы» (Валеева Ирина Владимировна), «Его величество «Джаз» (Колбасенко Елена Васильевна) бейне-дәрістер дайындады.

- «Астор Пьяццолла. Танго длиною в жизнь» дәрісінде мектеп ютуб-каналында оқушылар аргентиналық музыкант және XX ғасырдың екінші жартысындағы композитордың өмірі және  шығармашылығымен танысты, - дейді қалалық білім беру бөлімінің маманы Балжан  Әділханова. -  «Музыкадағы табиғат» дәрісінде П.И. Чайковский, Ф. Шопен, С. Майкапар, А. Вивальди, Ф. Шуберт, Н. Тілендиевтің музыкалары жайлы құнды деректер ұсынылды. «Ұлы Құрманғазы мұрасы» дәрісінде ұлы күйшінің өмірі мен шығармашылығымен танысып, атақты күйлерді тыңдады. «Его величество «Джаз» дәрісінде африкалық ырғақтардың, еуропалық үйлесімнің ықпалымен қалыптасқан музыкалық өнермен, афроамерикалық фольклор элементтерін тарту, джаз отаны, джаз музыкасы жанрының ерекшеліктері, даму кезеңдері жайлы білді әрі джаз музыкасын тыңдады. «Музыкадағы ертегі кейіпкерлері» дәрісінде музыканың көмегімен ертегі кейіпкерлерінің бейнелері және образдарын жеткізу сияқты әртүрлі ертегі кейіпкерлерінің музыкалық портреттерімен танысты.

Дәрістен алған әсерлері мен сезімдерін қатысушылар сурет, эссе, сөзжұмбақтар, викториналар, ермексаздан жасалған фигуралар, қуыршақтар киімдері, бейне-роликтерге ән, би орындау, музыка туралы ойлар жазды.

Жоба қорытындысы бойынша альбом құрастырылды.  

pavlodarnews.kz

Тэги: