Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, барлық бұзушылықтар 6-11 шілде аралығында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында анықталған.

-  Барлық фактілер бойынша материалдар жиналып, Павлодар облысының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жіберілді.  Аталған фактілерге қатысты құқықтық баға еліміздің заңнамасына сәйкес берілетін болады, - дейді департаментте.

Алынған дәрілік препараттар пациенттерді емдеуде одан әрі пайдалану мақсатында тиісті органдарға беріледі.

Тәртіп сақшылары азаматтар дәрі-дәрмектердің бағасын көтерудің негізсіз фактілерін анықтаған жағдайда «102» телефоны бойынша полицияға хабарласу керектігін еске салады.

 

Фото: ашық дереккөзден

pavlodarnews.kz

Тэги: