Павлодар қаласының шетіндегі  төбелес түсірілген видеоны WhatsApp пайдаланушылары бір-біріне жіберген.

Кадрда жігіттер тобы жиналғанын көруге болады. Төбелестің басты қатысушылары ортасында қалды. Олардың бірі қарсыласын жерге ұрып құлатқан. Екінші қатысушы бетін қолмен жауып, біріншісі оған «қолдарын алып таста» деп айқайлаған және аяғымен ұрып, жатқан адамның басына секіруді жалғастырған.

Қалғандары полиция шақыртып, төбелеске қатысушыларды тоқтатудың орнына ұялы телефондарға түсіріп, қарап тұрған.

-   Павлодарлық полицейлер  бейнематериалды зерттеп шықты. Қазіргі уақытта қатысушылардың жеке басы анықталды. Болған  жағдайды анықтау кезінде 2020 жылғы 7 шілде күні 18 және 19 жастағы екі жас жігіттің арасында жанжал орын алып, арты төбелеске айналғаны анықталды. Жәбірленуші осы факті бойынша полицияға және медициналық көмекке жүгінбеген, - дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінде.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-бабы 3-бөлімі, 99-бабы 2-бөлімі – «бұзақылық ниетпен бір топпен адам өлтіруге оқталу» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сонымен қатар, бейнетүсірілім жүргізген адамдарға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 313-бабы на сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полиция қызметкерлері тұрғындарға зорлық-зомбылықты насихаттайтын осындай бейнелерді таратпауды сұрайды.

pavlodarnews.kz

Тэги: