Облыстық туризм және спортты дамыту басқармасының басшысы Марат Айдашев атап өткендей, бүгінгі күні аталған мәселе бойынша небары екі ұсыныс келіп түскен.

- Қазіргі кезде екі-ақ адамнан нақты ұсыныс қабылдадық, - дейді Марат Айдашев. – Осымен бітті. Аталған құжат бойынша сауалдар мен ұсыныстар қабылдау мерзімі аяқталатыны туралы пост жаздым. Футболға қызығатындардың бәрі газеттер, сайттар, теледидар немесе әлеуметтік желілерден болсын осы мәселе бойынша хабардар етілді. Адамдарымызды белсендірек болуға шақырамыз.

Облыстың бас спортшысы айтқандай, облыс тұрғындарын бірінші кезекте қаражат мәселесі толғандырады. Қолға алынатын барлық қадамдар қаржылық жағынан қамсыздандырылады, деп сендіреді Марат Айдашев.

- Сұрақтардың көбі қаржылық мәселеге қатысты, - дейді Марат Айдашев. – Әлбетте, тұжырымдамада ұсынылған қадамдар қаржылық жағынан қамтамасыз етіледі. Ендігі кезекте құжатты қабылдап, сол бойынша жұмыс істеуіміз қажет.

Естеріңізге сала кетейік, 19 маусымда Павлодар облысында футболды дамыту тұжырымдамасы қоғамдық талқылауға шығарылды. Онда негізгі бағыттар, олар бойынша проблемалар және ұсынылатын шешімдер көрсетілген.

Өңір тұрғындары жарияланған тұжырымдамаға қатысты өз пікірлерімен және ұсыныстарымен келесілер арқылы бөлісе алады:
• Email: kense.ufks@pavlodar.gov.kz
• Пошта: Павлодар қ., Мәшһүр Жүсіп көшесі, 170, Павлодар облысының туризм және спортты дамыту басқармасы
• Тел.: +7 7182 61 94 00
• WhatsApp: +7 775 392 7559
• Instagram: @marat.aidashev
• Facebook: facebook.com/nursultan.abykeshev.3

Айбек Жұматов

Фото: Ertis ФК

pavlodarnews.kz

Тэги: футбол, спорт, Ертіс ФК, Ertis ФК, концепция, тұжырымдама