Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында министр шілде айына берілетін 42 500 теңге әлеуметтік төлемді тағайындау үшін қандай порталдар жұмыс істейтіндігін айтып берді.

«Өткендегідей 42500.enbek.kz порталы, электронды үкімет порталы жұмыс істейді. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған жеке тұлғаларға телеграм-боттар да қызмет көрсетеді. Бұлардың барлығы жұма күннен бастап іске қосылады. Оған қосымша Каспи банк пен Халық банк те біздің портал секілді интернет-ресурсты іске қосып, халықтан өтініш қабылдауға ниет білдірді. Оны да іске асырсақ, сіздерге ол туралы бейсенбі күні жария етеміз», - деді Біржан Нұрымбетов.

pavlodarnews.kz

Тэги: