- Қазіргі уақытта 19 жастағы тұрғын Павлодар қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Екінші жасөспірімнің кәмелет жасқа толмағанын (17 жас) ескере отырып, ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды. Тергеу жалғасуда, - дейді өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметінде

Еске сала кетейік, Павлодар қаласының шетіндегі төбелес түсірілген видеоны WhatsApp пайдаланушылары бір-біріне жіберген.

Кадрда жігіттер тобы жиналғанын көруге болады. Төбелестің басты қатысушылары ортасында қалған. Олардың бірі қарсыласын жерге ұрып құлатқан.

Екінші қатысушы бетін қолмен жауып, біріншісі оған «қолдарын алып таста» деп айқайлаған және аяғымен ұрып, құлап жатқан адамның басына секіруді жалғастырған.

Қалғандары полиция шақыртып, төбелеске қатысушыларды тоқтатудың орнына ұялы телефондарға түсіріп, қарап тұрған.

 

Фото: ашық дереккөзден

pavlodarnews.kz

Тэги: