Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, бес бөлмелі үйде электросамокат қуаттағышқа қосулы тұрған.

- Қысқа тұйықталу салдарынан 4 шаршы метр аумақта диван және басқа да заттар жанған. Жоғары температураның салдарынан пластик терезе мен кондиционер балқып кеткен, - дейді департаментте.

Ас ішетін бөлмеде терезеның шынылары сынып, үйдің жанында тұрған үш көлікке зақым келтірілген.

12 адам өздігінен сыртқа шыққан. Оның алтауы – бала.

Келтірілген шығын көлемі анықталуда. Аталмыш фактіге қатысты шешім полиция департаментіне тапсырылған.

Оқиға орнында өрт сөндіру басқармасы, медициналық апаттар орталығы және өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен 31 адам мен 8 техника жұмыс істеген.

 

Фото: ашық дереккөзден

pavlodarnews.kz

Тэги: