«Ертіс - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Ризабек Исабековтің жолдаған сауалына Павлодар облысының бас санитарлық дәрігері Батырбек Әлиев бұл ақпарат шыңдыққа жанаспайтынын айтты.

- Қытайдан келген маскаларда коронавирустық инфекция жұқтыратындығы туралы ақпарат жалған болып табылады, - дейді бас санитарлық дәрігер. - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті бұл ақпараттың жалған екендігі жайлы ақпарат берді. Бұл ретте, басқа елдерден келіп түсетін барлық тауарлар, оның ішінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар біздің заңнамаға сәйкес міндетті талаптарға қатаң тексерілетінін айтқым келеді. Тексеру барысында қандай да бір бұзушылық анықталса, тауар тұтынушыларға жіберілмейді.

Батырбек Әлиев халыққа жалған ақпараттан сақ болуға кеңес береді.

Фото: ашық дереккөздерден

pavlodarnews.kz

Тэги: