Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, жол бойында тұрған автомобильді сағат 22.00-де Омбы - Майқапшағай автожолында қызмет атқару кезінде жол-патрульдік полициясының инспекторлары Байболат Хасенов пен Сейсен Қалиев көріп қалған.

- Жүргізуші өтіп бара жатқан адамдардан қолдау сұрағысы келген, алайда бірде-бір жүргізуші тоқтамаған. Полиция қызметкерлері қауіпсіздік мақсатында автокөлікті жол жиегіне шығарып, тексеру кезінде жол бойында жөндеуге келмейтінін түсінген. Бұдан кейін полицейлер автокөлікті сүйреп, ауыл тұрғындарын үйлеріне жеткізді, - дейді департаментте.

Автомобильдің салонында болған жүргізушінің 87 жастағы анасы полицияға қоңырау шалып, тәртіп сақшыларына зор алғысын білдірді.

- Мен тәртіп сақшыларына өте ризамын. Егер полиция қызметкерлерінің дер кезінде көмегі болмаса, жолда қанша тұратынымыз белгісіз еді. Оларға денсаулық, жұмыста табыс және отбасында амандық тілеймін, - деді Нина Кирилловна.

 

Фото: ашық дереккөзден

pavlodarnews.kz

Тэги: