Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды.

"Барселона" шабуылшысы Луис Суарес команда биылғы маусымда Испания чемпионатын ұта алмайтын болар деген ойда.

"Шынына келсек, Ла Лиганы енді ұту мүмкін емес. "Севильяға" қарсы ойын өмірімізді қиындатқаны белгілі. Ол кезде ұтар едік. Ол күн маңызды болған, бірақ, "Сельтамен" матч шешуші болып шықты. "Сельтаны" ұтсақ, "Атлетикомен" жеңілдеу болар еді. Ал Вигода соңғы минутта Аспастан гол жіберіп қойдық. Бұл ауыр соққы болды. Енді бар назарды Чемпиондар лигасына салу қажет", - деп береді Суарестің сөзін Sport.es.

"Барселона" 1-ші тур матчінде "Сельтамен" тең ойнады. 36-шы туры қорытындысы бойынша Испания чемпионатының турнирлік кестесінде "Реал" 83 ұпаймен көш бастап тұр. Каталондықтар төрт ұпай кем жинады

Ал мадридтік командаға чемпион атану үшін екі ойында екі ұпай жинау керек.

pavlodarnews.kz

Тэги: