Павлодар қаласы әкімі баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, мониторинг барысында 7 дәріхана қамтылған.

- Тексеріс нәтижесінде шекті бағаның бұзылуы анықталған жоқ. Дегенмен кейбір дәріханаларда вирусқа қарсы препараттардың жетіспеушілігі байқалады. Грипго, Терафлю Тайлол, Фервекс, Инсти шай сияқты ыстықты түсіретін, антибиотиктер мен құрамында парацетамол бар ұнтақтар жеткілікті мөлшерде, - дейді тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бас маманы Александр Намазбаев.

Мониторинг тобының құрамына кәсіпкерлік бөлімінің, тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мамандары, сондай-ақ Павлодар облысының дәрігерлер, провизорлар және фармацевтер қауымдастығының өкілдері кіреді.

 

Фото: ашық дереккөзден

pavlodarnews.kz

Тэги: