Қазірдің өзінде өңірдегі дәріханаларға 90 мыңға жуық қаптама мен құтыдағы антибиотиктер, 61 мыңнан астам қаптама мен құтыдағы дене қызуын түсіретін дәрі-дәрмек және 19 мыңнан астам қаптама мен құтыдағы вирусқа қарсы препараттар жеткізілді.

Сондай-ақ аймаққа 34 мың қаптама мен ампуладағы аскорбин қышқылы және 12 мың қаптама ацетилсалицил қышқылы жеткізілді.

- Павлодар облысы аудандарының дәріхана желісіне 8860 қаптама мен құтыдағы антибиотиктер, оның ішінде цефтриаксон, сумед және бициллин жеткізілді, - деді облыс әкімінің баспасөз қызметінде. - Сондай-ақ аудандық дәріханаларға 13600 қаптама мен құтыдағы дене қызуын түсіретін дәрі-дәрмек - аспирин, парацетамол, ибуфен және тайлолфен жіберілді. Сонымен қатар ауылдық аймаққа 5400 қаптама мен құтылардағы вирусқа қарсы препараттар - анаферон, ацикловир және виферон жөнелтілді.

Көтерме сауда қызметкерлері Павлодар, Екібастұз және Ақсу дәріханаларын дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуде.

Сауда нүктелеріне антибиотиктердің 79 мыңға жуық қаптамасы мен құтылары, оның ішінде цефтриаксон, метронидазол, цефазон және цефазолин жіберілді. Сондай–ақ қалалық дәріханаларға 52 мыңнан астам қаптама мен құтыдағы дене қызуын түсіретін дәрі-дәрмектер - парацетамол, терафлю, максигриппин және ибуфен жеткізілді. Фармацевттерге 15 мыңға жуық қаптама мен құты вирусқа қарсы дәрі-дәрмек, оның ішінде виферон, ингалипт және басқа да препараттар жөнелтілді.

Павлодар облысына медициналық препараттарды жеткізу жалғасуда.

pavlodarnews.kz

Тэги: