Аудандық жастар бастамаларын дамыту орталығының директоры Мәдина Қаденова хабарлағандай, акция Волонтер жылына орай қолға алынды.

- Мақсатымыз – жетім балалар, жалғызбасты зейнеткерлер мен көпбалалы отбасыларға көмек беру, - дейді Мәдина Қаденова. – Кез келген адам өзіне қажеттілігі жоқ заттарды бізге әкеле алады. Мысалы, киім-кешек, гигиена заттары немесе кеңсе тауарларын. Олардың мақсатты пайдалануын дәлелдеу үшін біз фото және бейнероликтер арқылы есеп береміз.

«Жақсылық жасауға асық» акциясының модераторы Айымжан Ермекованың айтуынша, дүкенде жаңа заттармен қатар, пайдаланылған, бірақ бүтін бұйымдар қабылданады.

- Бізге әкелінген заттар сұрыпталып, ретке келтіріледі, - дейді Айымжан Ермекова. – Көмекке зәру жандар бұл жерде тегін түрде керегін ала алады. Мұнда Арайлым Жанқарина, Арман Исаділов, Дима Майоров секілді волонтерлер келушілерге көмек көрсетуге дайын. Қажет болғанда олар мекенжай бойынша ауылды аралайды.

Акция 2020 жылдың соңына дейін жалғасады.

Айбек Жұматов

pavlodarnews.kz

Тэги: қайырымдылық, Ертіс ауданы, волонтер, жастар, көмек