Облыс жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 26 маусым мен 9 шілде аралығында жедел жәрдем станциясында жұмыс қауырт болды. Екі аптада 103 желісіне келіп түскен қоңыраулардың саны кейде 1100-ден де асып кеткен. Соңғы күндері аталмыш қызмет күніне 900 қоңырауға жауап берсе, 14 шілдеде жедел жәрдем станциясына 771 қоңырау түсті.

- Осыған дейін 103 қызметінің жұмыскерлері пневмония және жедел респираторлық вирустық инфекция диагнозын алдын ала қойған науқастар саны да азайып келеді, - деді баспасөз қызметінде. - Шілде айының алғашқы он күнінде пневмония белгілері бар қоңыраулардың саны 208-ге, ал жедел респираторлық вирустық инфекция белгілерімен қоңыраулардың саны 234-ке дейін жетті. Соңғы бірнеше күнде жедел жәрдем пневмонияның алдын-ала диагнозымен шамамен 160 қоңырау және ЖРВИ диагнозымен 80-100 қоңырау қабылдауда.

Павлодар облысының 103 қызметі өз жұмысын жедел жету және ауруханаға жатқызу уақытының көрсеткіштерін төмендетпей жалғастыруда. Өңірлік жедел жәрдем станциясының қызметкерлері жеке қорғаныс құралдарымен және барлық қажетті дәрі-дәрмектермен толық қамтамасыз етілген.

pavlodarnews.kz

Тэги: