- Қаралы хабар бірінен соң бірі келіп жатыр. Кеше түнде ғана ұлағатты ұстазымыз Алтынсарин гимназиясына абыроймен басшылық жасаған Мақажан Несіпбайұлынан айрылып қалдық деген суыт хабар келді. Ұлағатты ұстаз еді...

Бүгін болса, меценат Шарбақтыда «Победа» ЖШС басшысы болған Александр Владимирович Поляков өмірден озыпты. Ардақты жан жыл сайын Орловка орта мектебіне тегін ыстық тамақ ұйымдастыруға, жазғы кезеңде балаларды жұмысқа орналастыруға, аграрлық колледждердің дамуына көмектесетін еді... Мектептің үздік оқушыларын Нұр-Сұлтан қаласына экскурсияға да жіберіп тұратын.

Жалған дүние деген осы...

Орны толмас қаза.

Жақындары мен туыстарына көңіл айтамын, - деді Дінислам Болатханұлы.

Рavlodarnews.kz ақпараттық агенттігінің ұжымы да ардақты абзал азаматтардың қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

 

Фото: Павлодар облыстық білім басқармасы ұсынды

 

pavlodarnews.kz

Тэги: