Оған сәйкес, тұрақты жеткізілімдерден басқа, облыс дәріханалары қосымша дене қызуын түсіретін дәрі-дәрмекпен, вирусқа қарсы препараттармен, сондай-ақ антибиотиктермен және антикоагулянттармен (барлығы 37 аталым) қамтамасыз етіледі. Осы шартты орындау үшін фармацевтикалық компанияға қайтару және мақсатты пайдалану шарттары бойынша 220 миллион теңге көлемінде айналымдық заем берілді.

Келісім бойынша келесі аптаның бірінші жартысында дәрі-дәрмектердің алғашқы легі жеткізіледі деп күтілуде.

Осылайша, Павлодар облысының дәріханалары әрдайым дәрі-дәрмектердің кем дегенде бір айлық қорымен қамтамасыз етілетін болады.

Осы келісімді жасасу аясында дәрі-дәрмектің тапшылығын болдырмау мақсатында кәсіпкерлік және сауда басқармасы, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің департаменті және «Қазмедфарм» Павлодар облысының дәрігерлері, провизорлары мен фармацевттері қауымдастығы меморандумға қол қойды.

 

pavlodarnews.kz

Тэги: