Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, биылғы жылдың өткен кезеңінде 73 жүргізуші өз көліктерін тізімге қойған.

- Естеріңізге сала кетейік, Армениядан әкелінген автомобильдерді уақытша тіркеу Павлодар облысының 4 халыққа қызмет көрсету орталығында 2020 жылғы 1 маусымнан басталды. Бұл Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалалары мен Ертіс ауданы, - дейді департаментте.

Барлық автокөлік иелеріне «А» әріптік символымен және 14 өңірімен сары фонда мемлекеттік тіркеу белгілері беріледі.

Айта кету керек, осы тіркеумен автокөлік иелері Қазақстан Республикасының аумағында да, одан тыс жерлерде де еркін жүре алады, жыл сайын техникалық тексеруден өтеді. Сонымен қатар автомобиль көлігі салығын төлей алады.

Армения Республикасынан келген автокөліктің әрбір иесімен полицейлер түсіндіру жұмыстарын жүргізуде, көлікті тіркеу ережелерін түсіндіреді.

pavlodarnews.kz

Тэги: