ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәлімдеуінше, мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлемдерге өтінім қабылдау үшін сайттың іске қосылғаны туралы таратылған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

- Қазіргі уақытта ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі COVID-19 ауруына байланысты жағдайды тұрақтандыру үшін шектеу шараларының енгізілуіне байланысты кірісін жоғалтқан азаматтарға біржолғы төлемді жүзеге асыру қағидаларын әзірлеуде. Біржолғы төлемді тағайындау үшін өтініштерді 17 шілдеден бастап қабылдау жоспарланып отыр. Біржолғы төлемді тағайындауды 20 шілдеден бастау жоспарланып отыр, - деп жазылған хабарламада.

Министрлікте азаматтарға жалған ақпаратқа назар аудармауға және ақпаратты тек ресми көздерден ғана алуға кеңес береді.

 

pavlodarnews.kz

Тэги: