Облыстық полиция департаментінде салондық ұрлықтың алдын алу мақсатында жол-патрульдік полиция батальонының қызметкерлері қаланың көп қабатты үйлерінің аулаларын патрульдеу барысында жүргізушілердің кілтті көлікте ұмытып кеткен жағдайлар да орын алатынын атап өтті.

- Тек өткен түнде ғана тәртіп сақшылары қала үйлерінің аулаларында есіктері ашық қалған 10 автокөлікті анықтады, - деді департаментте. - Жол-патрульдік полиция батальоны қызметкерлерінің патрульдеуі кезінде Малайсары батыр көшесіндегі үй ауласында сағат 00.47-де «Toyota» маркалы автокөлігі табылды. Ал Ледовский көшесіндегі үйдің ауласында сағат 04.39-да полиция қызметкерлері «Мерседес» маркалы автомашинасын анықтады. Аталған көліктердің иелерімен профилактикалық әңгімелесу өткізілді.

2020 жылдың басынан бастап Павлодар облысының аумағында 22 автокөлік ішінен ұрлық фактісі тіркелді.

Облыстық полиция департаменті автокөлікті қысқа уақытқа қалдырсаңыз да, салон мен жүксалғыштың есіктерін жабуды ұмытпауға кеңес береді. Сондай-ақ, егер көлік күзет сигнализациясы құралдарымен жабдықталған болса, оларды қосып жүру, көлік ішінде құнды заттарды қалдырмау және көліктерді тұрғын үйлердің аулаларында, гараждар мен күзетілетін тұрақтардан тыс орындарында ұзақ уақытқа қалдырмау ережелерін сақтауды ұсынады. Бұл мүлікті ұрлау, сондай-ақ автокөліктің зақымдану қаупін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді.

pavlodarnews.kz

Тэги: