Бұл туралы ақпарат ұйымның ресми сайтында жарияланды.

Шешім бойынша Олимпиялық ойындардың алтын медальдары ресейлік Біләл Махов пен ирандық Комеил Гасемиге бұйырды. Ал лондондық олимпиаданың финалистері өзбек Артур Таймазов пен грузин Давид Модзманашвили допинг қабылдағаны үшін жарыстан шеттелді.

Өз кезегінде, жарыстың ширек финалында Давид Модзманашвилиге есе жіберген жерлесіміз Дәулет Шабанбай мен жартылай финалда Артур Таймазовқа ұтылған америкалық Тервел Длагнев Олимпиаданың қола жүлдегерлері деп танылды.

Дәулет Шабанбайды осынау жетістікпен құттықтаған облыстық туризм және спортты дамыту басқармасының басшысы Марат Айдашев Instagram желісінде осы жөнінде пост жариялады.

- Дәулет Шабанбайды Халықаралық олимпиада комитетінің 2012 жылғы Олимпиадада еркін күрес бойынша 120 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола медальді ресми мойындауымен құттықтаймын. Дәулет – облысымыз бен Қазақстанның мақтанышы, өз үлгісімен ұлдардың көпшілігін күреспен айналысуға және Отанымыздың игілігі үшін чемпион атануға рухтандырмақ, - деп жазды Марат Айдашев.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Repost by: @marat.aidashev ... Дәулет Еркінұлы Шабанбайды Халықаралық олимпиада комитетінің (ХОК) 2012 жылғы Олимпиадада еркін күрес бойынша 120 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола медальді ресми мойындауымен құттықтаймын! Дәулет – облысымыз бен Қазақстанның мақтанышы, өз үлгісімен ұлдардың көпшілігін күреспен айналысуға және Отанымыздың игілігі үшін чемпион атануға рухтандырмақ! Поздравляю Шабанбай Даулета Еркінұлы с официальным признанием Международным олимпийским комитетом (МОК) завоевания бронзовой медали на Олимпиаде 2012 года по вольной борьбе в весовой категории до 120 килограммов! Даулет гордость нашей области и Казахстана, его пример вдохновит многих мальчишек заниматься борьбой и становится чемпионами на благо нашей Родины!

Публикация от @ sportpavlodar15 Июл 2020 в 11:56 PDT

Осыған дейін Лондон Олимпиадасында қазақстандықтар күрестің барлық түрлерінен үш медаль ұтқан. Павлодар облысының спортшысы ел қоржынына тағы бір медаль салды.

Айта кетейік, Дәулет Шабанбай - Азия чемпионатының төрт дүркін қола жүлдегері және 2014 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдегері.

Айбек Жұматов

Фото: ашық дереккөздерден

pavlodarnews.kz

Тэги: Дәулет Шабанбай, Марат Айдашев, спорт, еркін күрес, Олимпиада