Бұл туралы Baq.kz хабарлайды.

Ит жас баланы қауып алған. Соның нәтижесінде 90 тігіс жасау керек болған. Ер жүрек баланың оқиғасын Instagram желісінде тәтесі Никки Уокер баяндап жазған. Бұл жағдай 9 шілдеде болған. Алты жасар бала қарындасына жүгіріп келе жатқан итті көріп, ортада бөгет болады. Тіпті, иттің тістегеніне қарамастан қарындасының иттен жасырынуына көмектеседі.
Ит бірнеше рет беті мен басын тістеген. Бриджгер бәрібір қарындасының қолынан ұстап, қауіпсіз жер іздеу үшін иттен қашады. Кейін ол бізге: "Егер біреу өлетін болса, бұл мен болуым керек" деп айтты, - деп жазады Никки Уокер.

Ол сонымен қатар, жарақаттың салдарынан пластикалық хирург баланың 90 жерін тіккен.

Қазір ол үйде демалып жатыр. Көңіл-күйі жақсы, күле де алады. Бірақ қатты күлуге мүмкіндік жоқ. Біз ержүрек ұлымызды жақсы көреміз және барлық супер қаһармандар олардың қатарына кімдер қосылғанын білсін.

Ит иесі - Бриджерге және оның отбасына мейірімділік танытқан керемет адамдар екенін айтқым келеді. Біз ешкімге кек сақтамаймыз, - деп жазды Бриджердің тәтесі.

pavlodarnews.kz

Тэги: