Успен аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Мақсат Фарукшин хабарлағандай, қазіргі күні 1,5 млн теңге шамасында жиналған қаражатқа медициналық құрал-жабдықтар, төсек орындар мен өзге де қажетті заттар сатып алынды. Анық болғандай, фермерлер мүмкіндіктеріне қарай әртүрлі сомада көмек көрсеткен. Олардың арасында «Лысенко», «АқБидай», «Слава», «Әлішер», «Амир», «Двин» және басқа да көптеген шаруа қожалықтары бар.

Аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің міндетін атқарушы Райхан Нұртазина қожалықтар басшыларына алғысын білдірді.

- Осындай қиын кезеңде бізге көмек көрсеткендерге алғысым шексіз, - дейді Райхан Нұртазина. – Қазір бізге кез келген қолдау қажет. Тек бірге ғана осындай ауыр кезеңнен аман-есен шыға аламыз. Барлықтарыңызға зор денсаулық тілеймін.

Қайырымдылық акциясы жалғасуда.

Айбек Жұматов

pavlodarnews.kz

Тэги: Успен, ауыл шаруашылығы, фермер, аурухана, коронавирус