Мерейтойлық күнді атап өту – еліміздің алып металургиялық кәсіпорын үшін маңызды іс-шара. Сондықтан барлық шаралар Павлодар қаласының тұрғындарын бірегей кәсіпорынмен таныстыруға бағытталған. Осындай мақсатта кеңейтілген қоғамдық көліктің түрін, яғни трамвайды, іске қосуға қажет болды. Осы көлік түрінің сырты Еуразиялық Топтың және жас кәсіпорын «ҚЭЗ» АҚ-ның логотиптерімен безендірілді.

«Металлургиялық» тақырыпта безендірілген трамвай өзінің бірінші рейсіне №1 маршрут кестесі бойынша шықты. Ол Павлодар алюминий зауытынан бастап, орталық қала көшелерін аралап және Павлодардың Солтүстік өнеркәсіптік зонасына дейін жетті. Маршрут бағыты ЖЭО-1 басталғаны кездейсоқ емес. Күн сайын жүздеген зауытшылар жұмысқа және жұмыстан үйлеріне осы трамваймен жүреді. Мерейтойлық вагонның бірінші жолаушылары алюминий дивизионының жұмысшылары болды.

- Қаламызда осындай әдемі трамвайдың жүруі өте жақсы болды. Енді әрбір қала тұрғыны Қазақстан электролиз зауытының отандық метал өндіретінін және қазақстандық алюминийдің бейнесі жайлы білетін болады. Осындай өніммен мақтануға болады деп ойлаймын! – деп айтты трамвай кондукторы Валентина Ковалева .

Жаңа трамвай тек сыртынан ғана безендірілмеген. Ішкі жағында әрбір тұрғын Еуразиялық Топтың құрамына кіретін жас кәсіпорын «ҚЭЗ» АҚ-ның негізгі қалыптасу кезеңдерімен таныса алады. Енді павлодарлықтар зауоттың бүгінгі өндіріс қуаттылығы, қашан іске қосылғаны және өзіндік анод өндірісі жайлы трамвайға отырып, жолға шыққан кезде біле алады. Қазақстан электролиз зауыты жайлы көп мағлұмат білетіндердің ішінде Алексей Бирт те бар. Бұл жас маман зауытта он жылдан астам жұмыс істеуде.

- ҚЭЗ-ге келген кезде мен сияқты жас маманның тұлға ретінде қалыптасуына, кәсіби және әлеуметтік жағынан дамуына үлкен мүмкіндіктер ашылады деген сеніммен келген едім. Мен үшін Қазақстан электролиз зауыты жай металургиялық кәсіпорын емес. Зауыт адамдардың кәсіпқой, жаңашыл, әрі спортшы ретінде дамуға мүмкіндік беретін алаңға айналған. Осы он жылдың ішінде мен зауытпен бірге дамыдым, оның жеткен жетістіктеріне шын ж.рекпен қуаныштымын және қаламыздың әрбір тұрғыны оны мақтан тұтқанын қалаймын, - деп атап кетті «ҚЭЗ» АҚ электродтарды өндіру цехының күйдіру бөлімінің аға шеберінің міндетін атқарушы Алексей Бирт.

Бүгіннен бастап трамвай Павлодар көшелерінде жүреді. Енді оны қаланың барлық тұрғындары көріп қана қоймай, оған қоса, Қазақстанның бірегей алюминий өндірісінің тарихымен жылдың аяғына дейін таныса алады.

pavlodarnews.kz

Тэги: