Май ауданының Аршалы ауылы маңында жерлестеріміз байрақты бәсекеге қатысушыларды мәреден арнайы күтіп алды.

Халықаралық жарысқа әлемнің 35 елінен 365 автокөлікке мінген таңдаулы спортшылар қатысып, бақ сынауда. Ал Астана – Павлодар бағытындағы 849 шақырымдық жолсыз жазық даламен жарысу кезеңінде раллиден әлемнің 9 дүркін чемпионы француздық Себастьен Лёб жеңіске жетті.

 

- Сайыстың бұл кезеңі ауырлау тиді. Жолсыз жермен жарысу өзіңе де, техникаға да түрлі қиындықтар алып келеді. Оның үстіне тоқтаусыз жауған нөсер жаңбыр да бізге кері әсерін тигізуде. Жеңіске деген ерік-жігер ғана адамды алға жетелейді ғой. Қазақтың жерінің кеңдігіне, мәреден күтіп алған халқының кең пейіліне ерекше тәнті болдым, - дейді атақты спортшы.

Сайыстың осы кезеңіне барлығы 55 техника қатысты. Оның – 22-сі жеңіл автокөлік болса, 23-і ауыр жүк техникалары.

Автодода  Семей – Үржар бағыты арқылы өтіп, Қытай Халық Республикасында жалғасын табат ын болады.

 

Алпысбай Хонж

Фото - Константин Музалевский

pavlodarnews.kz

Тэги: